Саясат

Қазақстанның оңтүстігінде аса қауіпті жұқпалы дерт тіркелді - Жандарбек Бекшин

Жандарбек Бекшин Қазақстанда жұқпалы аурулардың таралуы туралы мәлімет берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин елдің оңтүстік өңірінде тұрғындар Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырғанын айтты.

“9 жағдай тіркелді. Қызылорда облысында 4 адам және Түркістан облысында 4 адам жұқтырған. Тағы бір адам бұл ауруды Өзбекстан Республикасынан жұқтырыпты”, – деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Осы орайда Жандарбек Бекшин шетелге шығатын қазақстандықтарға сақ болуға кеңес берді.

“Өте жұқпалы аурулардың бар екенін естен шығармауымыз керек. Мысалы, денге безгегі. Соңғы екі жылда 9 қазақстандық турист осы ауруға шалдықты. Қазақстандықтар Үндістан, Таиланд, Вьетнам, Сингапурде болып, экзотикалық дертті жұқтырған”, – деді бас санитарлық дәрігер.

Тағы оқыңыз: Бас санитар Елордада масаның көбейіп кетуіне қатысты пікір білдірді

Сонымен қатар Бекшин тырысқақ жұқтырған 10 науқас тіркелгенін атап өтті.

“Бұл жағдай қыста тіркелді. Үндістандық туристер Шымбұлаққа келгенде белгілі болды. Осы ауру дер кезінде анықталып, Қазақстанның басқа өңірлеріне тарауға жол берілмеді”, – дейді ол.

Сөз соңында бас санитарлық дәрігер шетелде демалғысы келетін туристерге дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайтына кіріп, тиісті ақпарат алуға кеңес берді.

sputniknews.kz