Саясат
Ресей Президенті бүгіндері РФ территориясында Қазақстанның 70 мыңнан аса студенті білім алып жатқанын айтты
Ресей мен Қазақстан екі елдегі бәсекеге қабілеттілікті арттыруда күш-жігерін жұмылдыруы керек, ал көршілес елдердің дарынды балаларын мұнда тартып әкелудің қажеті жоқ. Бұл туралы РФ президенті Владимир Путин Орал федеральдық университетінің студенттерімен кездесуде айтты.
- Мен Ресейге талантты адамдарды тартып әкелу керек деп айттым. Ол рас. Бірақ Қазақстаннан емес қой. Өйтудің қажеті жоқ. Неге дейсіздер ме? Себебі Қазақстан секілді мемлекеттермен біздің арамызда басқа міндет пен мақсаттар болуы тиіс. Біз барлық күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек. Ресейде не тиімді дамиды, соны Ресейде жасау керек, сол секілді Қазақстанда не тиімді өркендеуге жатады, соны Қазақстанда өркендету керек. Оның бәрін мемлекетаралық байланыс шеңберінде бірігіп жасауға болады, - деді Путин талантты студенттерге арналған біріккен қазақ-орыс оқу грантына қатысты пікірінде.
Ресей Президенті бүгіндері РФ территориясында Қазақстанның 70 мыңнан аса студенті білім алып жатқанын айтты.
- Өткен жылы ғана, меніңше 150-і бюджетке оқуға қабылданды, яғни Ресейдің бюджеті есебінен олар білім алып жатыр. Бірақ Қазақстан секілді мемлекеттерде біз өз өндірісімізді, өз ғылыми базамызды дамыта аламыз. Ендігі шешімдерді сол жаққа жөнелту керек. Сол базада ортақ бәсекеге қабілеттілікті арттыру қажет. Егер бірлескен гранттарға қол жеткізсек, онда тіптен жақсы болады. Әзірге алғашқы қадам жасалды, мен екі тараптан да гранттар бөлінетінін білмеппін. Бірақ егер жалпы ортақ гранттар болса, онда бізде алға қойған ортақ мақсаттар болады. Бұл жақсы емес пе, - деді Путин.