Саясат

Білім вице-министрі бостандыққа шықты

Оған мемлекеттік қызметте істеуге тыйым салынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елорданың Есіл ауданының №2 соты вице-министр Эльмира Суханбердиеваның ісі бойынша шешім шығарды.

Айта кетейік, тергеу кезінде Суханбердиева мен Шевернияева кінәні толығымен мойындап, өз еркімен процессуалды келісімге келді. Прокурор вице-министрге 2500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (6 312 500 теңге), ал Елена Шеверняеваға 500 АЕК көлемінде (1 262 500 теңге) айыппұл салуды ұсынды. Бұдан бөлек, жекеменшік мектеп директорының кабинетінен тәркіленген 11 475 300 теңгені мемлекет меншігіне алып қоюды сұраған.

Бүгін судья Бақытжан Есенов соттың шешімін жариялады. Оған сәйкес, прокурордың барлық талаптарын қанағаттандырды. Екеуіне де мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.

sputniknews.kz