Саясат

Суханбердиева БАҚ өкілдеріне соттан кейін немен айналысатынын айтты

Білім және ғылым вице-министрі 6 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуге міндеттеліп еді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Эльмира Суханбердиева соттан кейін БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Суханбердиеваны сот залында босатқаннан кейін журналистер "Сіз енді жұмыссыз қалай жүресіз? Немен айналысасыз?" деген сұрақ қойды. Вице-министр бірнеше жол бар екенін жеткізді.

"Меніңше, кәсіпкерлік қызмет бар. Бұдан бөлек, оқытушы болып, жұмыс істеуге болады. Ол – бір. Екіншіден, Жоғарғы сот бар. Мен соттың шешіміне шағым түсіретін боламын", - деді ол.

Сот шешімі

Бүгін елорданың Есіл аудандық №2 соты вице-министр Эльмира Суханбердиеваның ісі бойынша шешім шығарды. Бұған дейін прокурор вице-министрге 2500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (6 312 500 теңге), ал елордадағы №3 мектеп-гимназиясының бұрынғы директоры Елена Шеверняеваға 500 АЕК (1 262 500 теңге) айыппұл салуды ұсынған болатын.

Судья Бақытжан Есенов вице-министрдің өз кінәсін мойындап, процессуалды келісімге келгенін, сондай-ақ, абақтыда отырғанын ескеріп, айыппұл мөлшерін 5 948 900 теңгеге дейін түсірді. Ал оның сыбайласы Елена Шеверняева 1 миллион теңге айыппұл төлейтін болды.

Екеуіне де мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.

sputniknews.kz