Саясат
Тергеу жүргізіліп жатыр
"Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр. Ықтимал барлық нұсқалар қарастырылады: бұлар адами фактор, өрт қауіпсіздігі ережесінің бұзылуы, немқұрайлылық, техникалық себептер, мысалы, электр тоғының қысқа тұйықталуы, зарядтың химиялық реакциясы, әдейі өртеу немесе диверсия нұсқасы да тексеріледі. Тергеу нәтижесі бойынша әр лауазымды тұлғаның жауапкершілігі анықталады", - деді Ермекбаев ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында.