Спорт

Қазақстан клубтары еуромаусымды бастады

Бұл футбол маусымы сәтті болсын деп тілейік

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еліміздің футбол клубтары еуромаусымдағы ойындарын бастап кетті. Осы жылы Қазақстан намысын төрт клуб қорғайтын болады: былтырғы ел чемпионы "Астана" Чемпиондар Лигасының іріктеуінде ойнаса, "Қайрат", "Тобыл", "Ордабасы" Еуропа Лигасында бақ сынайды.

Апта басында, "Астана" өз алаңында румыниялық "ЧФР Клуж" клубын қабылдап, 1:0 есебімен басым түсті. Қостанайлық "Тобыл" Люксембург еліне қонаққа барып, "Женесс" клубымен тең ойнады. Қарымта ойындар келесі аптада өтеді.

Бүгін, "Қайрат" пен "Ордабасы" ойнайды. Алматылықтар Боснияға барып, "Широки Беринг" командасымен ойнаса, Шымкенттік команда өз алаңында грузиялық "Торпедо Кутаисиді" қабылдайды.