Денсаулық

Көздің көру қабілетін жақсарту үшін қандай тағам түрлерін тұтынуымыз қажет?

Көздің көру қабілетін жақсарту үшін үй жағдайында қандай шаралар қолдануымыз қажет?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгінгі таңда әлем медицинасындағы басты мәселенің бірі көз аурулары болып отыр. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әлемдегі 234 млн адам көз ауруына шалдыққан, ал 34 млн-ға жуығы  жанарынан мүлде айырылған. Ал, біздің елімізде көз ауруы 5-ші орында тұр. Оның ішінде мектеп оқушыларының 40%-ы миопияға, яғни алыстан көрмейтін ауруға шалдыққан.

Ал, көздің көру қабілетін жақсарту үшін не істеуіміз керек? Қандай тағам түрлерін пайданалуымыз керек?

Бірінші,  міндетті түрде дәрігерге көрініп, 6 айда бір тексерілуден өтіп тұрғаныңыз абзал.
Екіншіден, көзге арналған арнайы жаттығуларды үзбей уақытылы жасап тұру көздің көруін жақсартады. Мұндай жаттығуларды жасау бар болғаны 3 минут 25 секунд уақытты алады. Кейде 3 минуттан да артық уақытымыз пайдасыз телефон, теледидар қараумен-ақ өтеді емес пе?
Үшінші, көздің көруіне пайдалы тағамдарды тұтыну
Көз А, С, Е витаминдерін қажет етеді.

Себебі А дәрумені көздің көруінің нашарлауынан, оған сәуле түсуден қорғайды. С дәрумені көз ішіндегі қысымның көтерілуіне жол бермейді. Е дәрумені катарактаға қарсы күреседі. 

Бұл витаминдер қандай тағам түрлерінде бар? Қандай тағам түрлерін тұтынғанымыз абзал?

• Балық және теңіз өнімдері, скумбрия, майшабақ, қызыл балық.
Балықтың құрамында көз торы мен көз алмасының шырышты қабығын қорғайтын omega3 шала қаныққан май қышқылдары мол.
• Е дәрумен мол жаңғақ түрлері, яғни бадам, пісте, орман жаңғағы, грек жаңғағы, жер жаңғағы, миндаль көз торын ультракүлгін сәуленің зиянды әсерінен қорғайтын антиоксиданттың қайнар көзі.
• Құрамында лютеин мен зеаксантин каротиноидтары бар қызыл, қызғылт сары, сары түсті тағам түрлері: асқабақ, сәбіз, қауын, қызыл жүзім, цитрус жемістері мен өрік, кептірілген өрік, қара жиде құрамында көз тамырларына жақсы әсер ететін кальций мол болып табылады.
• Цитрусты жемістерге жеке тоқтала кетсек, цитрусті жемістерде дәрумендердің барлық түрі кездеседі. Яғни А дәрумені көздің нашарлауының алдын алса, С дәрумені көз қысымының көтеруінің алдын алады. Ал, е дәрумені катарактаға қарсы күреседі.
• Сонымен қатар, офтальмологтардың айтуынша жасыл түске қарау көзді тынышталдырады дейді. Ал дене жаттығулары, жүгіру, жүзу сынды спорт түрлері көздің бұлшық еттерінің жұмыс жасау қабілетін жақсартады.
Көз бізге берілген үлкен сый және аманат. Сондықтан жанарымызды сақтайық!