Саясат

Казгидромет экс-басшылары бірнеше жылға сотталды

Қылмыстық істің беті ашылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазгидромет экс-басшылары 10 жылға сотталды, - деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Елорда қалалық сотының баспасөз қызметіне cілтеме жасап. 

"Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен Н.Қ. Сұлтанов ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 4-бөлігі ("Пара алу") бойынша кінәлі деп танылды. Оған осы баппен 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынды. Р.И. Андрианов ҚР ҚК 366-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген елордалық баспасөз қызметінде. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.  17 қаңтарда ҰҚК қызметкерлері пара алды деген күдікпен "Қазгидромет" РМК-ның бірқатар басшыларын ұстады. Кейін Қазгидромет өкілдері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасына сәйкес, күдіктілер ретінде Қазгидрометтің Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Андрианов пен Қазгидромет бас директорының орынбасары Сұлтанов ұсталғаны белгілі болды.