Weekend

"Дураком был, дураком остался, честь имею" - Бауыржан Момышұлы

Зейнеп Ахметованың "Шуақты күндер" кітабынан үзінді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 

Зейнеп Ахметованың бұл кітабында Бауыржан Момышұлының соғыс жылдарынан кейінгі өміріне арналған естелік жазылған.

 

Жаңа жыл кешін өз отбасымызбен қарсы алуға дайындалып, үстел жасайын деп жатқанымда атам:

- Балам, қай кезде болмасын дастарханға ең алдымен нан қоюды есіңнен шығармағын, - деді.

 

                                              ***

 

Атам екеуміз бір жақтан келе жатыр едік, алдымыздан атаның танысы кездесе кетті. Аман-есендік сұасқан соң әлгі кісі:

- Қалай қартайып кеткенсіз? Тү-у, қалай өзгергенсіз? – деп атамды аяп, мүсіркей сөйледі.

-Сен өзгермепсің. Ақымақ өңін жасқа бермейді. Дураком был, дураком остался, честь имею, - деп атам таяғын жоғары қарай бір көтеріп жүріп кетті.

 

                                              ***

 

Атам Жазушылар одағындағы бір жиыннан келген соң: «Байлаудағы бұзау бұқа болмайды» дегендейін, әлі жассың ғой деп, аяқ-қолдарын тұсап, талай жастарымызды қартайтып алыппыз. «Кәрі айғыр үйірін қайтара алмайдының » салдарынан ауызбірліктен айырылып жүргенімізді мойындауға тура келеді, - деді.

 

                                              ***

 

-Бауке, мені М-ға мақтапсыз ғой, - деді бірде дырдай атағы бар жазушы ағай атама қарап.

-Басқаларға айтып жүрсін деп әдейі мақтадым.

-Сөзіңіздің түсінбей тұрмын, Бауке.

-Тактика, батенька, тактика.

-Қандай тактика?

- «Таспен ұрғанды аспен ұр» дейтін...

Қызмет орны дырдай бастыққа әлдебір жұмыспен кіріп шыққан атам:

-Ол менің маңдайымнан қарады, мен оның төбесінен қарадым. Шалқая берген бастан шаш та қашады екен, байғұстың төбесі жып-жылтыр, - деді.