Саясат

Президент тапсырмасы: Қазақстандықтардың өмірін жеңілдететін заң 4 күннен кейін күшіне енеді

16 шілде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Азаматтарға салықтық рақымшылық жасауды көздейтін заң осы жылдың 16 шілдесінде күшіне енеді. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы вице-министрі Қанат Байеділов айтты.

«Тұңғыш Президент - Елбасы жеке тұлғалар өздерінің салықтары бойынша борышының негізгі сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдарды есептен шығарып, олар үшін салықтық рақымшылық жүргізуді Үкіметке тапсырғанын барлығыңыз білесіздер. Бүгінгі таңда салықтық рақымшылық жүргізуді көздейтін тиісті заңдарға Мемлекет басшысы қол қойды  және ол 5 шілдеде ресми жарияланды. Яғни, 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі», - деді вице-министр.

Қанат Байеділовтің айтуынша, салықтық рақымшылық жүргізу қағидалары Қаржы министрлігінің бұйрығымен бекітілетін болады және жақын арада барлық аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінің назарына жеткізіледі.

inform.kz

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61