Саясат

Путин тұңғыш рет Зеленскиймен тікелей телефон арқылы сөйлесті

Украинадағы қақтығыстар мен тұтқындар алмасуы туралы пікір алмастырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей президенті Владимир Путин сайлауда жеңіске жеткеннен бергі Украинаның жаңа көшбасшысы Владимир Зеленскийменалғаш ретәңгімелесті. Екеуі Шығыс Украинаның жағдайын және одан әрі байланыстарындағы мүмкіндіктерін талқылады депхабарлайды RT.COM ақпарат агенттігі.

Кремль, өтініш Киевтің бастамасымен болды деді. Екі елдің президенттері шығыс Украинада бес жылға созылған қақтығысты шешу жолдары туралы және тараптар арасындағы тұтқындарды алмасу, әлеуетті ынтымақтастық туралы әңгімелесті. Мәлімдемеде Мәскеу мен Киев мұндай консультациялардың сарапшылар деңгейінде жалғасатынын айтты.

Екі мемлекет басшылары  «Нормандия форматында» келіссөздерді жалғастыру идеясын, соның ішінде Франция мен Германия басшыларын, сондай-ақ Ресей мен Украина басшыларын да атап өтті. Бұрынырақ Зеленский Путинді дүйсенбі күні шыққан видео-адресімен жеке өзі сөйлесуге шақырды. Сонымен қатар, ол осы кездесуде Құрама Штаттардың, Ұлыбританияның, Германияның және Францияның басшыларының болатнына сенім білдірді.

Зеленский жақында қызыметінен кететін Британияның премьер-министрі Тереза Майды шақыру туралы шешім қабылдап, Путин бұл шешімге бола Украинаның көшбасшысын айыптаған болатын.