Саясат

Кентаудағы тұрғын-үйлер жаңартылады

Кентау қаласындағы 44 көпқабатты тұрғын үйдің ішінен 14 үйдің құрылыс жұмыстары басталып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қ.Р. Үкіметінің «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының» тұрғын үй қорын жаңғырту тетігі бойынша 2019 жылға Кентау қаласындағы 44 көпқабатты тұрғын үйдің ішінен 14 үйдің қаржысы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталып кетті.Ал, қалған 30 көпқабатты үйді күрделі жөндеуден өткізуге Түркістан облыстық мәслихатының бюджетті нақтыланып, қаржы қарастырылды.

 Бүгінгі таңда қаржы бөлінуіне байланысты ұйымдық жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін 2019 жылдың шілде айының 3-онкүндігінде аталған 30 көпқабатты тұрғын үйдің ортақ мүліктеріне күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Аталған тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өткізіледі. Шатырасты ағаш конструкциялы және профнастил жабындымен ауыстыру, сыртқы подъезд есіктерін метал код құлыптарына ауыстыру,кіреберіс ағаш терезелерін ПВХ материалдарына ауыстыру, подъезд жөндеу,  су, кәріз, жылу құбырларын жөндеу, фасад бойынша бір қабатты штукатур және бояу жұмыстары қолға алынбақ. Осылайша, үйлер заман талабына сай жаңғыртылады. Үйлерді жөндеу барысында тұрғындарға 3 түрлі нұсқа ұсынылып, таңдалған нұсқа бойынша жұмыстар атқарылатын болады.      

Кентаудағы көпқабатты тұрғын үйлердің барлығы дерлік кондоминумға тіркелген.

Айта кетейік, 2020 жылы 74 үй, 2021 жылы 73 тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізілетін болады. Енді әр жылда жоспарға сәйкес жүзеге асырылып, Кентау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлер жаңа кейіпке енетін болады.