Спорт

Гризманн трансфері Роналдудан да асып түсті

Француз каталондық клубпен 5 жылдық келісімшартқа отырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мадридтік "Атлетиконың" бұрынғы сұрмергені Антуан Гризманн "Барселонаға" ауысты, – деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы. Француздық шабуылшының трансфері Криштиану Роналдудан да асып түсті.

"Барселона" француз үшін € 120 млн төледі. Ол каталондық клубпен 5 жылдық келісімшартқа отырды.

Футбол тарихында ең қымбат трансфер бразилиялық шабуылшы Неймардың 2017 жылы "Барселонадан" "ПСЖ" клубына ауысуы кезінде тіркелген болатын. Франциялық клуб Неймар үшін € 222 млн төлеген еді.

Футбол тарихындағы қымбат ТОП-10 трансфер:

1. Неймар («Барселона» – «ПСЖ»): € 222 млн
2. Филиппе Коутиньо («Ливерпуль» – «Барселона»): € 145 млн
3. Килиан Мбаппе («Монако» — «ПСЖ»): € 135 млн
4. Жоау Фелиш («Бенфика» — «Атлетико»): € 126 млн
5. Усман Дембеле («Боруссия» Д — «Барселона»): € 125 млн
6. Антуан Гризманн («Атлетико» — «Барселона»): € 120 млн
7. Криштиану Роналду («Реал» — «Ювентус»): € 117 млн
8. Поль Погба («Ювентус» — «Манчестер Юнайтед»): € 105 млн
9. Гарет Бэйл («Тоттенхэм Хотспур» — «Реал»): € 101 млн
10. Эден Азар («Челси» — «Реал»): € 100 млн.