Саясат

Арыс қаласында түнде де құрылыс жұмыстары жүріп жатыр

Арыс қаласын қалпына келтіру бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жалпы, Арыс қаласында 8401 үй тіркелсе, оның 7097-сі зақымдалған. Сонымен бірге, 104 көпқабатты үйдің 94 жөндеу жұмыстары тағайындалған болатын.  

Сондықтан осы үйлерді жылдам әрі сапалы жөндеу, қалпына келтіру үшін құрылысшылар жұмысты түнде де жалғастырып келеді. Мәселен, кейбір секторларда жер үйлердің шатырын жабу әрекеті түнде де толастамады. Жалпы, Арыстағы құрылысқа еліміздің 14 облысы мен 3 қаласынан келген 5 мыңдай құрылысшы, 180 астам мердігер компания тартылған. Жергілікті тұрғындар да ақылы құрылыс жұмысына қабылдануда.

Аталған 17 секторға облыс, қала әкімдіктерімен бірге аудан әкімдіктері де бекітілген.  Олар сол сектор тұрғындарын тіркеу, құжаттарын қабылдау,  гуманитарлық көмек көрсету, аумақты қоқыстан тазалау және өзге де жұмыстармен айналысады. мысалға, 1-секторға Атырау облысы мен Жетісай ауданы жауапты және бұл секторда 482 үй бар.  Жетісайлық азаматтар түнде де штаб жұмысын тоқтатпай, тұрғындарға қолдан келгенше көмек көрсетуде. Бүкіл секторда елге деген жанашырлық,  жұмысты ерте аяқтауға деген құлшыныс бар. 

Жергілікті тұрғындар осындай жұмысты үйлестіре білген облыс басшылығына, өзге өңірлерден көмекке келген азаматтарға ризашылығын білдіруде. Ал, 11 шілдедегі мәлімет бойынша Арыста 700-ден астам үй жөнделді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61