Спорт

14 қыркүйекте Канело және Головкиннің үшінші жекпе-жегі өтуі мүмкін

Бокс жанкүйерлері қалайтын шайқас

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Boxingnews 24 сайтында Канело және GGG трилогиясы туралы мақала жарияланды. Мақала мазмұны мынадай:

Сергей Ковалевтың IBF / WBAорта салмақтағы атағын қорғау үшін 24-ші тамызға жоспарланған,міндетті қарсыласы, жеңіл орта салмақта WBO тұжырымы бойынша чемрион Anthony Yarde ге қарсы жекпе-жектің келісім шартына қол қойды.Соған байланысты Генади Головкин 14-ші қыркүйекте өтетін Сауль Канело Алварес-тің қарсыласы атануы мүмкін. Бұл жекпе-жекте Альварес орта салмақтағы IBF/WBA тұжырымдары бойынша чемпиондық белдігін сарапқа салады.

Канело жекпе-жегіне Головкиннен лайықты қарсылас табу үшін Golden Boy промоутеріне уақыт тым жеткіліксіз болатын сияқты. WBO орташа салмақ дәрежесі бойынша чемпион Димитрий Андраде өткен айда Maciej Sulecki-ді жеңген болса да осы жылғы бокстағы ең нашар көріністердің қатарына кірді. DAZN басшылары Андраде-нің қорқынышты жекпе-жегін көріп, оны Канелоның болашақтағы қарсыластар тізімінен алып тастауға мәжбүр болды.Осыдан кейін Канело ешқашан оған қарсы жекпе-жекке шықпаса еш таңқаларлығы болмас еді.

Головкин әлі күнге дейін Канело үшін ең жақсы таңдау болмақ. Канело  GGG-ге соңғы рет тағы бір ақы төлеу туралы идеяны ұнатпауы мүмкін, бірақ бұл оған бәрібір қажет. DAZN ол екеуінің тағы бір рет  бір-бірімен бетпе-бет келуін қалайды, және ол қазір де,кейін де ең жақсы шешім болмақ. Олар Канело мен Головкиннің жекпе-жегі үшін қомақты ақша төлемек, сондықтан олар бұл ұсыныстан бас тартпайтыны анық. Головкин мен Ковалев DAZN-ның таңдауы бойынша 14 қыркүйекте Альвареспен жекпе-жекке шығуға тиісті бірден бір жекпе-жекшілер болып табылады. Ал қазір 36 жасар Ковалев Yarde-ге қарсы жекпе-жек келісімшартына қол қойғандықтан таңдаудан алынып тасталды, енді тек GGG ғана қалды.

Канело және Головкиннің 3-ші жкепе-жегі әуесқой жанкүйерлер  қалайтын шайқас

DAZN 14 қыркүйекте Канело-GGG трилогия бәсекесі бойынша кездейсоқ бокс жанкүйерлері үшін күрес өткізеді. Кейбір бокс жанкүйерлері бұны ұнатпаса да, Канелоға ең дұрысы осы. Головкин - келесі қысқа мерзімдік жекпе-жекте Альварес (52-1-2, 35 КО) үшін ең жақсы таңдау. Golden Boy тек қыркүйек айындағы жекпе-жек туралытекКовалев, Кэллум Смит және GGG туралы айтқан болатын.

Ковалев есептен шығарылды,ал Смиттің промоутері Эдди Херн Matchroom Boxing сайтына Golden Boy промоутерлік компаниясы Канело-Смит жекпе-жегін ұйымдастыру туралы олармен ешқандай байланыста болмағанын айтады. Дегенмен WBA жеңіл орта салмақ дәрежесі бойынша чемпион Дмитрий Бивол Канело жекпе-жегіне қатысуға ниет білдірсе де,Golden Boy бұған жол бермеді. 28 жастағы Бивол 36 жастағы Ковалев сияқты құлдырау сатысына өткен жоқ, ал Алварес үшін екеуні де лайықты емес. Канело өз басы, бәлкім, Биволмен түсуге қарсы болмауы мүмкін. Бұл бөлек әңгіме.Кейбір бокс жанкүйерлері Канело қашан да Биволмен бетпе-бет келуден именеді деп қарайды.

Ковалевтің желтоқсан айында Канеломен жекпе-жекке шығуы әлі де мүмкін

Ковалевті (33-3-1, 28 КО) Канело Алварес үшін толық қанды болашақ қарсылас ретінде елестету қиын. Егер екеуі де келесі жарыстарда жеңіске жетсе, желтоқсан айында бір-бірімен бетпе-бет келуі мүмкін. Алайда, қыркүйектегі шайқасқа тосқауыл болатын көптеген кедергілер бар. 36 жастағы  Ковалев Канело-мен шайқасу үшін көп ақша сұрайды,алайда ол оған татымауы мүмкін. WBO тұжырымы бойынша бірінші дәрежелі Yarde-ні жеңу Ковалевтің танымалдығын үлкен деңгейге көтере қоймасы анық,әрі бокс жанкүйерлерін ол әлі де өз бйігінде екеніне сендіре алмайды.

Ковалев өз мансабының төмендеу кезеңінде тұр. Бокс әуесқойлары үшін Канело мен Ковалев-тың жекпе-жегі кейбіреулер ойлағандай қызықты бола қоймайды. Ковалев Андрей Уорд пен Элейдер Альварестен жеңілгеннен кейін абыройын жоғалтып алған болатын. Ковалевтың соңғы 6 кездесуінде есеп 3-3 болған еді. Сондықтан Канелоға Ковалевты ұрып-соғудан не пайда? Көп пайда жоқ.

Жеңілістер соңғы екі жылдан бері орын алған болатын.Осы тұрғыдан алып қарағанда Ковалевті тұралау кезеңінде деп айтуға әбден болады. Егер Golden Boy әлем чемпионатының біреуін жеңіп алу үшін Канелоның салмағын 175-ке көтерілуіне мүмкіндік беріп, бокс жанкүйерлерін таң қалдыруды қаласа, онда олар Артур Бетербиев, Дмитрий Бивол немесе Александр Гводдык-тің бірін таңдауы қажет болады делінген мақалада.