Саясат

Қырғызстанда парламент депутаттарын 35 адамға дейін азайтуды талап етіп жатыр

Петицияға 4,5 мың адам қол қойған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қырғызстанда әлеуметтік желі қолданушылары Жоғары кеңестегі 120 депутаттың санын 35 адамға дейін қысқартуды талап етіп, петиция жариялады.

Аталған петиция авторы Алена Хоменконың айтуынша, Қырғыз елінің Жоғары кеңесі 2019 жылдың өзінде депутаттар үшін 786,6 миллион сом ақшаны жұмсауды жоспарлаған.

«Парламентте шетінен ақылды адамдар отырған жоқ, керегі жоқ заңдарды енгізіп отыр», - дейді автор.

Хоменко депутаттардың санын ғана емес, олардың айлығын да қысқартуды ұсынған.