Саясат

Алматы облысында жол апатынан 3 адам мерт болды

Оқыс оқиға

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы облысында жол апатынан 3 адам мерт болып, тағы 4 адам ауруханаға жеткізілді. 

Оқыс оқиға «Алматы-Көкпек-Көктал» тас жолының 40-шы шақырымында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Жол көлік оқиғасы «Тойота Хайландер» және «Лада 21014» көліктерінің соқтығысуы салдарынан болған. Жол апатынан 3 адам қайтыс болды. Тағы 4 адам түрлі жарақатпен Есік қаласының ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. 

Ведомствоның мәліметінше, аталған фактіні облыстық Полиция департаментіндегі тергеу басқармасы жүргізеді. Айта кетейік, жантүршігерлік көлік апатының видеосы әлеуметтік желіге жарияланды.

ҚазАқпарат 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61