Weekend

Жастар ел болашағын қалай елестетеді?!

Жастар ойы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әрбір елдің xалқы өмір сүріп жатқан өлкесінің болашағы жайлы ойланады. Ұрпақтарының да осы елде болып, бейбіт күнде өмір сүргенін қалайды. Оған мысал ретінде сонау Қазақ xандығы құрылғаннан бастап, ата-бабаларымыз бостандықта өмір сүруді аңсағанын және де сол үшін қаншама шайқастарды бастан өткергенін білеміз. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында да сол уақыттағы батырларымыз ұрпақтары бейбіт күнде өмір сүруі үшін қан майданда өз жандарын пида етті.Бірақта осы бостандық ұғымын біз, жастар түсініп жатырмыз ба?!

Жастар деп отырғанымыз 14-29 жас аралығындағы осы елде өмір сүріп жатқан адамдар тобы. 2017 жылдың басындағы деректерге сәйкес еліміздегі жастардың саны 3994 464 адамды құрады. Дегенмен олар қазір не істеп жүр?-деп сұрақ қояр болсаңыз, қазіргі жастар тек өз қара бастарының қамында жүр деп жауап берер едік.Миллиондаған қаржы мен асыл бағалы тастар үшін еңбек етуде. Ел болашағы кейбіріне ғана қызықты болып көрінбесе, біршамасы өзінің кәсібімен жүр.Әртүрлі кәсіппен айналысқан дұрыс, оның барлығы елдің дамуы үшін керек. Алайда біздің болашағымызда сіздерді алаңдатуы шартқой. Өйткені барлығымызда бір шаңырақ астында өмір сүріп жатырмыз.Сондықтанда қазіргі болып жатқан жәйттарға бей-жай қарамауымыз керек. 

Жалпы ел болашағын қалай елестете аласыз?! Осы сұрақты өзіңізге де қоялық. Іштей ойланып, жауап беріп көріңіз.Біз болса екіге бөлінген жастар ойына тоқталайық. Бірінші ағымдағы жастар ел болашағын жаhанданумен байланыстырып, дамыған елдер қатарына қосылуымызбен елестетеді екен. Оған қоса  осыдан біршама жыл алдын дамыған елдер қатарына кіргендіктен, болашақта бұл қағиданы орындау қиынға соқпайды деп отыр. Демек жасампаз ел жастары үшін жаhандану біршама мәселерді шешіп береді екен. Және де осы үшін әрқашанда еңбек ететіндерін жеткізді. Бұл пікірге қарсы шығатын екінші ағымдағы жастар болса, еліміздің ертеңіне күмәнмен қарайды. Осы үрдіспен кете берсек, тіл мен діліміз  құрып кетуі мүмкін деп топшылайды. Әйтседе сол тіліміздің мәртебесін асқақтату немесе керісінше төменге құлдыратуда өз қолымызда екенін ұмытпасақ.

Қорытындылай келе , ел болашағы жастар қолында екенін еске салайық. Қоғамда әртүрлі пікір бар. Алайда оның барлығында бір арнаға тоғыстыру, осылайша ел болашағы үшін күресу өзіміздің қолымызда.