Экономика

Байлар бөлісуі керек

Миллиардерлер және бизнес өкілдері бөлісуге дайын: Оларды не қорқытты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Капитализм ескірген секілді. Байлар көп салық төліп, бөлісу керек. Бизнес болса, қоғамдық мүддені өз пайдасынан жоғары қою керек немесе өзгерістер көп болады.

Бұл марксистердің үндеулері емес. Бұл - миллиардерлердің, банкирлер мен экономистердің айтқандарынан үзінді. Капитализмнің өкілдері, бірауыздан өзгерістер жайлы айтып жатыр. 

"Қалың бұқара, элиталарға, өте көп пайда түсуде деген ойға келсе, екінің бірі орын алады: не заңды түрде байлық қайта бөлінеді, немесе кедейлік революциялық жолмен бөлінеді", - дейді Уолл-стрит ардагері, Guggenheim Partners инвестициялық банкінің басшысы Алан Шварц.

"Капитализмді іргетасы мықты жүйе деп санаймын, алайда дәл қазір, ол көп адамдарға пайда әкелмейді, сол себепті өзгеріске ұшырауы тиіс", - деп жазды Рэй Далио, американдық инвестор-миллиардер.

Жиырмаға жуық американдық миллиардер, өздерінен көп салық алуды сұраған. Оларды да, қалыптасқан қоғамдық жүйенің өзгеруі алаңдатады.

"Теңсіздік, қоғамдағы наразылық пен бөлінушілікті тудырады. Оның нәтижесі - демократиялық институттарға деген сенімсіздікке немесе одан да бетер әрекеттерге әкелуі мүмкін", - деп жазды олар, маусым айында АҚШ президенттігіне үміткерлерге жазған ұжымдық хатында.