Спорт
Отандасымыз әлемдік рейтинг бойынша үздік бестікте
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Будапештте өткен әлемдік Гран При турнирінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты, — деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы ҚР дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа рейтингке сәйкес, жарыс жеңімпазы қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов 4821 ұпаймен 6 орыннан 5-орынға көтеріліп, әлемнің ең үздік «ТОП-5» дзюдошылары қатарына енді. Күміс жүлдегер атанған Елдос Жұмақанов 3504 ұпаймен 12-ден 11-ге көтерілді.
Айта кетейік, IJF ержесіне сәйкес Гран Приде 1 орын алған спортшыға 700 ұпайдан, 2 орынға– 490 ұпай, 3 орынға ие болған дзюдошыға әлемдік рейтингте 350 ұпайдан қосылды.
Жаңартылған әлем рейтингіндегі қазақстандық дзюдошылар (ТОП-50):
60 кг
Елдос Сметов — 5 орын (4821)
Ғұсман Қырғызбаев – 11 (3156)
66 кг
Ерлан Серікжанов – 8 (4089)
Елдос Жұмақанов – 11 (3504)
73 кг
Жансай Смағұлов – 19 (2448)
81 кг
Дидар Хамза – 17 (2602)
Руслан Мусаев – 49 (1036)
90 кг
Ислам Бозбаев – 11 (3428)
+100 кг
Ерасыл Қажыбаев – 36 (1352)