Weekend

Аштық ең көп таралған елдер аталды

Азия мен Африка мен елдері аштыққа көп ұшыраған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Соңғы үш жыл ішінде, әлемдегі аштық деңгейі, баяуласа да, өсіп келеді. Олардың саны, соңғы жылдары 10 миллионға артқан. Бұл туралы БҰҰ 2019 жылға арналған баяндамасында айтылған.

Аштыққа ұшыраған халықтың көбі, экономикалық өсім баяулаған, сондай-ақ, халықаралық саудаға байланған мемлекеттерде тұрады екен.

Ең көп аштық таралған жер - Оңтүстік Азия елдері екен. Бұл жерде, аштық тауқыметін тартып отырған халық саны - 500 миллионды құрайды. Сондай-ақ, Африка құрлығындағы жағдай да, қиын болып тұр. Бұл жерде аштық деңгейінің өсімі - 256 миллион адамды құраған.

Өткен жылы, қажетті мөлшердегі тамаққа қол жеткізе алмаған адамдар саны - 820 миллионды құраған.