Weekend
Әнші қазақстандық танымал жұлдыз Димаш Құдайбергеннің әндерін тыңдай алмайтынын айтты
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comОл "Біздің эстрада Димаштың бағытында дамыса, қалай қарайсыз" деген сауалға Нұрсұлтан Құрманның бағдарламасындағы сұқбатында жауап берді.
"Қаламайтын едім. Мен өз басым Димаштың концертіне барып, басынан-аяғына дейін отыра алмайтын едім. Димаш мықты әнші. Оны әлем мойындады. Диапазоны қандай!?", - деді әнші.
Алайда өзі Димашты сүйіп тыңдай алмайтынын жасырмады.
"Өзім қатты айқайлай берген әндерді тыңдай алмаймын. Табиғатым сондай. Димаш болсын, басқа болсын. Тыңдаймын, бірақ ортасына келіп айқайлағанда өшіріп тастаймын", - деді Қанат Үмбетов.