Weekend
Қос жолбарыс бүгінде Харбин қаласында
Амур және Буш есімді қос жолбарысты Алматы зообағы үш мың еуроға Қытайдың Харбин қаласындағы сафари орталығына сатты. Бұл жайында Алматы зообағының бұрынғы директоры Ержан Еркінбаев өзінің Instagram парақшасына жазған. Алматы зообағы 5 жасар қос жолбарыстың өткен жылдың сәуірінде сатқанын айтты. Алайда көпшілікке ол Ержан Еркінбаевтың жазбасынан кейін белгілі болған.
Жолбарыстар бір ай Бейжіңде болып, артынша Харбинге аттанған. Қазіргі таңда олар аталмыш сафари орталықта табиғи жағдайда өмір сүруде.