Саясат

Президент Анар Жайылғанованы қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасын қабылдады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында Мемлекет басшысына агенттіктің қазіргі жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы мәлімет берілді. Анар Жайылғанова "Президенттің кадрлық резервін" құру және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа одан әрі көшіру үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға және мемлекеттік басқарушыларға қойылатын талапты күшейтуге тиісті Мемлекеттік басқаруды дамытудың тұжырымдамасын әзірлеу қажеттігін айтты.