Саясат

Цукерберг: Маған Калининград аймағын сатыңдар!

Ол Калининградта жаңа мемлекет құрмақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Марк Цукерберг Делидегі Үндістанның технологиялық университетінде студенттер алдында сөз сөйледі. Әлемге әйгілі IT маман, Facebook желісі арқылы сан елдің мәселесін көтеруді жаңа деңгейге шығарған тұлға өзінің ерекше тың ойларымен бөлісті. Ол болашақта ғылымның үлкен жетістікке жетіп, Марсқа адамдардың қоныс тебуін, адамзаттың жазылмас ауру түрлеріне ем табуын, жасанды интеллектінің дамуы жайында өз ойын айтты. 

Кездесу барысында Цукерберг Ресейдің алып территориясы жайында да ерекше көзқарастарын жасырмады. 

Цукерберг: "Маған бүгінгі таңда Ресейдің үлкен экономикалық қиындықтар көріп жатқанын айтты. Сол себепті мен Твиттер арқылы Мәскеуде жүздескен досым Дмитрий Медведевке ұсыныс тастағым келеді. Маған осы аймақты (Калининград) сатуды қарастырса, біз ол жерде мәдениет пен ғылымның ордасы болатын жаңа мемлекет құрар едік. Осылай болған екен, ендеше мен дәп қазір осы ойымды Твиттерге жазайын. Жаздым, жібердім. Енді жауабын күтейік", - деді Facebook басшысы.