Саясат
Мәселе
Кеше Тоқаев Үкімет отырысында ЛРТ-ны сынап тастаған болатын. Осы тұрғыда ЛРТ жайлы әртүрлі пікірлер желі қолданушылары арасында толып кеткені анық.
BI Group басшысы Айдын Рахимбаев та Президенттің сөзіне сілтеме жасай отырып, осы жоба басталмас бұрын қарсы болғанын Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sn.kz ақпараттық порталы.
Оның айтуынша, қарапайым қала тұрғыны және салық төлеп отқан азамат ретінде ЛРТ - елордаға пайдасыз жоба. Ол өз жазбасында жобаның тиімсіздігін сандар арқылы дәлелдеп берді.
Білікті басшы өз жазбасында өзі басқарып отқан «Bi Group» компаниясының шығынымен де салыстыра отырып, Үкіметке ұсыныс тастады.
«ЛРТ жобасын осы жерден тоқтатқанымыз жөн. Өйткені әрі қарай жалғастыратын болсақ, үлкен шығынға батамыз. Әзірге тек колонкалар ғана ғой. Сол бетондарды басқа бағытта пайдаланғанымыз дұрыс. Және осыған жұмсалатын 1 млрд ақшаға бірнеше керемет автобустарды сатып алып, халыққа қолайлы жағдай туғызу мақсатында 1 минут сайын жүретіндей жағдай жасаған әлдеқайда артық», - деді ол.