Саясат

«Протон-М» ұшуын неге ауыстырды?

Қазақ жері қашанға дейін сынақ алаңы бола бермек?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Спектр-РГ" астрофизикалық ғарыштық обсерваториясы мен ДМ-03 екпінді блогы бар "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыру уақытының ауыстырылуы, зымыранның екінші сатысындағы құбырындағы ақаумен байланысты болған. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Бұл ақауды ең алғаш рет маусым айының соңында байқап, ұшақпен жаңасын әкелуді ойлап, ақырында құбырдағы жарықты сол жерде бітеген екен. 

Екінші рет ұшырамыз деп жатқан кезде, сол жердің қайта жарылғанын көреді. Зымыранның ұшуын жыл соңына қалдырмас үшін, оны арнайы құрамы бар сұйықтықпен бітеп тастаған.

Спектр-РГ" астрофизикалық ғарыштық обсерваториясы мен ДМ-03 екпінді блогы бар "Протон-М" зымыраны 13 шілде күні Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшқан болатын. Кейінірек, "Роскосмос" басшысы Дмитрий Рогозин, мамандардың зымырандағы барлық ақауларды жойғанын мәлімдеді. Сол үшін оларды мемлекеттік наградаларға ұсынуға уәде берген еді.

"Протон" зымырандары бірнеше рет ұшыру барысында құлаған болатын. Егер оларда осындай ақаулар көп болса, неліктен оған тыйым салынбайды? Қашанғы қазақ жері, Ресей зымырандары үшін полигон бола бермек?