Саясат

Түркістан облысы әкімінің бидай орып жүрген суреті жарияланды (фото)

Түркістан облысы әкімі астық ору науқанына қатысты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістан облысы басшысы Өмірзақ Шөкеев Ордабасы ауданы Бөржар елді мекеніндегі "Мақта компаниясы" ЖШС-не барды. Ол мұнда облыстағы егіс көлемімен, ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстармен танысты, деп хабарлайды өңір әкімдігінің ресми сайты.

"Өңір басшысы шаруалармен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады. Егіс алқабына шығып, комбайн жүргізіп, бидай орды", - делінген хабарламада.

Әкімдіктің мәліметі бойынша, қазір облыстағы бидай алқабының 44 проценті орылған, яғни 94 мың гектардан 183 мың тонна астық жиналып отыр. Жалпы ауданы 218 мың гектардың әр гектарынан 21 центнерден өнім алынады деп жоспарланған, сонда биыл 463 мың тонна бидай жиналуы тиіс.

Қазірде 211,4 мың тонна картоп, 553,3 мың тонна көкөніс, 592,4 мың тонна бақша дақылдары жиналып, ішкі сұраныстан басқа Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен басқа облыстарға жеткізілген, сондай-ақ экспортқа шығарылыпты. Жыл соңына дейін 2,7 миллион тонна картоп, көкөніс, бақша өнімдерін жинау жоспарланған көрінеді.

Егіс алқабында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов жетістіктер туралы сөз қозғады.

"Түркістан облысында биыл 823 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 9,8 мың гектарға артық", - дейді ол.

Сондай-ақ арпа – 40 мың гектар, дәндік жүгері – 46 мың гектар, картоп, көкөніс, бақша дақылдары – 119,8 мың гектар, мал азығы 205,8 мың гектарға егіліпті. Бидайдың егіс көлемі биыл 218 мың гектарға жетсе, майлы дақылдар – 96,8 мың, мақта – 129 мың гектарға егілген.

Нұрбек Бадырақов айтқандай, алдын ала есеп бойынша 218,6 мың гектарға егілген масақты дақылдардың әр гектарынан орташа есеппен 21,2 центнерден жиналып, жалпы көлемі 462 мың тонна өнім алынуы тиіс.

Облыс әкімі сала басшыларына жаздағы ағын су мәселесін қадағалап, шаруалардың жағдайын жіті бақылауды, ауыл шаруашығы өнімдерін экспорттау көлемін ұдайы арттыруды тапсырды.