Саясат

Сыртқы істер министрлігінің шетте қаза болған қазақ қыздарының мәселесін көтеруге шамасы жетпей ме?

Үш қыздың тағдыры топыраққа айналып кетті...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытайдың Чанчжоу қаласындағы  ең беделді университтерінің бірінде, грантта білім алып жатқан Сандира Серікханның жұмбақ өлімі туыстары мен қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырып кетті.

Көрші елде білім алып жүрген қазақ қызы 17 қабаттан құлап кеткен. Бұл жағдайды өзіне қол салу деп қана жылы жапқан сыртқы істер министрлігі: « Қытай жақ бұл істі қайта қарап шықты. Оның нәтижесі бойынша жазатайым оқиға болып шыққан», деп жауап берді.

Туыстары мұның суцид екеніне сенбейді. Оған бірнеше факторлар әсер етіп отыр.

Сандира Серікханды сол күні біреулер әдейі өлтірмек болған. Әлнұр Ағаеваның айтуынша, Сандираны Баян есімді бір қыз клубқа баруға көндірген.

Әлнұр Ағаева (нағашы әпкесі) Сандираның жазғы демалысқа жиналып жатқанын, онымен алған сыйлықтары жайлы видеомен сөйлескенін айтты. Анығы, туыстары қыздарының суицид жасағанына мүлде сенбейді.

Қытай заңы бойынша мәйітті 30 күн тексереді. Мұнша уақытта күте алмаған марқұмның отбасы қыздарының денесін сараптама күтпестен елге әкелуге мәжбүр болған. Осы аралықта іс «суицид» деп жабылып, дипломаттар қайта қарауға сұрау жібергенімен, жауап өзгермеген.

Бұл жағдай ғана емес, шетелде білім алуға кеткен қазақ қыздарының бірнен соң бірінің жұмбақ жағдайда қайтыс болуы тіпті адамның ақылына симайды. Мәселен, Түркияда қазақ тапқан 21 жастағы Елдана Қаһарманның да ісі осылай аяқталған болатын.

Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Елдана Қаһарманның әлеуметтік желідегі парақшаларына сараптама жасаған болатын.

Әлеуметтік желідегі парақшаларына шолу

21 жастағы жап-жас Елдананың қазасы және өзінің үйінде (Түркия) өлі табылуы, ешқандай зорлық-зомбылықтың белгісі табылмауы, жалпы ол жайында толық жақ ашпаудың астарында не жатуы мүмкін деген ой кімді болмасын мазалайды.

Елдана Қаһарман туралы білетініміз тек оның Түркияда білім алатыны және сондағы телеарналардың бірінде жұмыс жасайтыны. Одан кейін бұрыннан танымал болған видеблогер ретінде танимыз.

Түркияның шығыс бөлігінде орналасқан Фырат университетінде білім алған.

Әлеуметтік желі арқылы жасалған сараптама:

Елдананың Vk, Instagram және Youtube желілерінде жеке парақшалары болған:

Елдана Қаһарман Қарағандының тумасы. Себебі, оның ютубтағы соңғы салған видео жазбасына үңілсеңіз, тоңзатқышқа жабысып тұрған магнитте «I love Karaganda» сөзі жазылған. Бұдан бөлек Вконтакте әлеуметтік желісінде де Қарағанды деп көрсетілген. Тек бұл ғана емес, инстаграм желісіне салған бұрынғы посттарында да Қарағанды қаласы кездеседі.

Елдананың 2019 жылы наурыздың 24 күні салынған соңғы видеосы «Почему я удалила все видео?» деп аталады. 27 мың жазылушысы бар қыздың барлық видеоблогтарын не үшін өшіріп тастағаны туралы осы видеодан көруге және білуге болады. Бір сөзінде: «Түркияға бекер келген секілдімін» дейді. Видеоны осы жерден көре аласыз: https://www.youtube.com/watch?v=-VQFt76Gvmw

Елдананың инстаграм желісінде 319 досы және 6322 жазылушысы бар. Барлығы 533 пост салған. Соңғы жазбасы 21 наурыз күні салынды. Онда Елдана «Астана» атауын өзгертуге қарсы екенін білдіріп пост қалдырған.

Енді мынаған қараңыз, Елдананың Вконтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасында дау да болған. 2018 жылдың 12 сәуірінде салған суретіне 30 шілде күні 2018 жылдың «Elider Elider» аккаунтымен тіркелген фейк парақша қыздың психологиясына әсер ететін боқауыз сөздер және жалпы қазақ халқы туралы өте теріс пікір қалдырған.


Сілтеме: https://vk.com/id291261297… 

Пікірдің скриншоты төмендегі суретте бар.


Елдананың жазылған топтарының дені дизайн және позитивті өмірге ұмтылған адамдарға арналған. Тек біреу ғана өзгеше. Яғни, оның сүйікті сериалы болса керек: «Как избежать наказания за убийство» парақшасына жазылған.

Түркияда, Ресейде, Қытайда қаза тапқан қазақтың үш қызы туралы іс жылы жабылып, ешкім жазаға тартылған жоқ. Бұл біздің Сыртқы істер министрлігінің селқос жұмыс жасауы ма әлде сол елдің сараптамасына ғана негізделіп жауап берулері ме? Өзге елде қайтыс болған қазақстан азаматының ісін жылы жауып қою тек біздің елдің қолынан келеді.

"Жұмбақ жағдайда өлді" деген жауаптың өзі әлі жұмбақ!