Hi-Tech

Әлемнің ең бай адамдарының бірі мәлімдеме жасады

2019 жылы 10 қыркүйек күні "Alibaba" 20 жасқа толады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлемдегі ең бай адамдардың бірі әрі қытайдағы ең бай адам ретінде тіркелген "Alibaba" корпорациясының директоры және негізін қалаушы Джек Ма, 2019 жылы 10 қыркүйек күні жұмыстан кететінін мәлімдеді.

1 жыл өткен соң, дәл осы күні "Alibaba Group" 20 жасқа толады. Атаулы мерекеге орай Джек Ма өзінің демалысқа кетенін және орнына СЕО компаниясының  атқарушы директоры Чжан Юн келетінін Weibo парақшасында жариялады. 

 

Джек Маның ұлына жазған хатынан

Саған бұл хатты жазуыма 3 нәрсе себеп болды: 

Тағдырды болжап болмайды, ешкім де өзінің қанша өмір сүретінін білмейді, сондықтан кей нәрселерді ертерек айтқан дұрыс. Мен сенің әкеңмін, мұндай ақыл кеңесті саған мен айтпағанда кім айтады. Саған айтатындарымның барлығы менің өмір жолымда кездескен кедергілерден алған сабақтарым, сондықтан осы сәтсіздіктерімді қайталамауың үшін пайдасы болар деп санадым. 

1) Сені жақтырмаған, саған нашар көзқараспен қараған адамдарға ешқашан ренжіме, өйткені шешең екеуімізден басқа ешкім де саған борыштар емес. Егер де біреу саған қамқорлық танытар болса оны қадірлей біл. 

2) Өміріңде кездескен кез келген адамды немесе бағалы затты, басқа ешкім, ешнәрсе оның орнын баса алмайды деп қарама, осы көзқараста мықты болсаң болашақта асылыңнан айырылып қалсаң да сабырлы бола аласың.

3) Өмір өте қысқа, дәл қазір уақытыңды босқа өткізіп жүргеніңді дәм-тұзың таусыла бастағанда білесің, өмірді қаншалықты ертерек қастерлей бастасаң өмірден алатын лззатың да соншалық көп болады. Ұзақ өмір сүруді армандағанға қарағанда уақытты үнемдей білген дұрыс. 

4) Махаббат деген бір түрлі сезім ғана, бұл сезім уақыттың өтуімен, жасаған ортаңның ауысуымен бірге өзгеріп отырады. Егер күндердің бірінде сүйгеніңнен айырылып қалсаң сабырлылықпен күт, уақыттың өзі барлығын ұмыттырады, көңілің де сабасына түседі. Махаббаттан бал жұтам деп өлермендене беріліп те кетпе, махаббаттан келетін қайғыдан қабырғаң қайысып шөгіп те кетпе. 

5) Көптеген табысқа жеткен кәсіпкерлердің білімі орташа болған, бірақ бұл құлшына үйренбеген адам да табысқа жете алады дегендік емес. Есіңде болсын білімің ешкім сенен тартып ала алмайтын ең мықты қаруың. Адам білімсіз де кәсіп жарата алады, бірақ білімсіз бәрібір де оны дамыта алмайды. 

6) Қалған өмірімде мен саған мені бақ деп талап қоймаймын, дәл сол сияқты сен кәмелеттік жасқа жеткен соң менің де жауапкершілігім аяқталады. Өмір бойы қоғамдық көлікпен жүресің бе әлде мерседес мінесің бе, қара көже ішесің бе әлде май шайнайсың ба, ол өз қолыңда. 

7) Өзің уадеге берік бол, бірақ басқаларға бұл талапты қоя алмайсың. Басқаларға үнемі ілтипатпен қара, бірақ басқаларға да өзіңе жақсы көзбен қара деп талап қоя алмайсың. Сен оларға қалай қарасаң олар да саған солай қарай бермейді. Егер осы ақиқатты жете түсіне алмасаң өмірде басы артық келеңсіздіктерге ұшырай бересің. 

8) Мен 26 жыл бойы лотерея билетін сатып алып келемін, әлі бір де бір рет ұтқан жоқпын, тіпті 3 дәрежелі ұтысқа да жеткем жоқ. Бұл дегеніміз адам табысқа жету үшін құлшына үйреніп, тынбай еңбек ету керектігінің дәлелі, мына әлемде ақы алмайтын асхана жоқ. 

9) Өмір бір ақ рет беріледі, сондықтан да ет жақын туысқандарыңды, жанашыр жақындарыңды қадірлей біл, Екеуіміз де мәңгі бірге бола алмаймыз, қара көз жұмылған соң ешқашан қауыша алмаймыз. Бұл хатты оқып біткен кезде сенде екі таңдау болады; Біріншісі, сен мұны одан ары дамытып, өзіңе мәңгі азық болатын рухани көмекші етіп сақтайсың. Екіншісі, ештеңе оқымаған көрмегендей болып бұрынғы өміріңді жалғастырасың.