Weekend
Cалдарынан жер бетіндегі тіршілік құрып кетуі мүмкін
Мәлім бір Жұлдыз жүйесі Біздің Құс жолы жүйемізге соқтығысуға жақындап келеді, салдарынан жер бетіндегі тіршілік құрып кетуі мүмкін, деп хабарлайды RT.COM ақпарат агенттігі.
Зерттеушілер: «соқтығысу бізді галактикадан шығарып, ғарыштың басқа кеңістігіне апарып тастайды»,- деп ескертті.
Таңқаларлық ғылыми есептерге сәйкес, жақын арада орналасқан галактика Құс жолы жүйесіне жақындай түеді, ал «апатты оқиғалар» біздің Күн жүйемізді шатастыруы мүмкін.
Дурам Университетіндегі астрофизиктер Үлкен Магеллан Виртуалды (LMC) қозғалысы туралы компьютерлік модельді зерттеу жүргізді, Бұл құс жолын айналып қозғалатын спутниктік галактика болып табылады. Олар ғажап нәрсені байқады. LMC біздің галактикамызға тікелей кіретіні анықталды.
Галактика Құс жолынан 63 000 жарық жыл қашықтықта, әрі қазір бізден секундына 250 миль жылдамдықпен алыстап бара жатса да,ол ақырында баяулай бастайды және бізге қарай бағыт алады.
Қақтығыстар жұлдыздарды жылжытады және жаңа тартылыс күшіне ауыстырады, бұл планетаның орбитасын өзгертуге алып барады. Сол арқылы Жер мен Күннің арасындағы қашықтық аздап өзгеріске ұшыраса да, Жер «Ең қолайлы аумақтан» ауытқып, тым ыстық немесе тым суық күйге енеді .
Бірақ үрейленуге әлі ерте сияқты, бақытымызға орай, бұл галактикалық соқтығысу 2,5 миллиард жылға дейін болмайды.
Бұл қорқынышты оқиғаның жақсы жағы дар бар екен,ғалымдар бұндай соқтығыс шынын қуғанда «галактиканы қалыптына келтіреді» дейді. Құс жолы жүйесі өте екеркше галактика болып табылады. Ол басқа галактикалырдан кішкентай қара үңгірі мен сақинасындағы жұлдыздардың аздығымен өзгешеленеді.
«LMC оған соқтыққаннан кейін, орталық аса ауыр массадағы қара үңгірдің массасы 8 есе артады, Құс жолы жүйесі де таңқаларлық өзгеріске ұшырайды, бұрынғыдан 5 есеге ұлғаяды»,- деп түсіндірді зерттеу командасы.