Денсаулық
Мал қорымы
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Арыс қаласында 2 қорым бар. Бірі Дерменеде, екіншісі Қожатоғай ауыл округі аймағында орналасқан. Екеуі де сала мамандарының қатаң бақылауында. Бүгін бұл туралы Арыс қалалық аумақтық инспекция басшысы Өмірқұл Омаров қалалық әкімдіктің мәжіліс залында өткен брифингте мәлімдеді.
"Қазіргі таңда мал қорымдары зақымданбаған. Барлық талаптарға сай сақтаулы. Олар үнемі ветеринария қызметкерлерінің қадағалауында. Қорымдарға жыл сайын мониторинг жүргізіледі. Сол аумақтағы топырақтан ұдайы сынақ алынып отырады. Барлық зерттеудің нәтижесі бойынша ешбір қауіп анықталмаған. Жалпы бүгінге дейін қорымдардан сібір жарасына қатысты ешқандай мәлімет тіркелмеген", - деді Өмірқұл Омаров.