Саясат
Қайрат Боранбаев
Алматыда жол жиегіне көлік қойғаның үшін ақша алатын «RR2» ЖШС-нің иесі Қайрат Боранбаев болды. «Алматы Спецтехпаркинг сервис» ЖШС-нің 70 пайызы «RR2» иелігінде.
Алматы Спецтехпаркинг сервистің қалған отыз пайызы Алматы қаласы әкімдігіне тиесілі. Яғни жүргізушілердің қалтасынан түсетін ақшаның көп бөлігі кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың қалтасына түседі.
2018 жылғы ресми ақпаратқа сүйенсек Алматыда 472 мың автокөлік тіркеуде. Сондай-ақ күн сайын қалаға 250 мың машина кіреді. Енді өзіңіз есептей беріңіз...
Қайрат Боранбаев Қазақстандағы ең дәлетті кәсіпкерлердің қатарына кіреді. forbes.kz жазуынша 2018 жылы ең бай кәсіпкерлердің арасында 12 орынға жайғасқан. Оның байлығы 391 000 000 $ бағаланады. McDonald’s мейрамханалар желісі Қазақстан, Ресей, Беларусь Республикасында да бар. Оның бизнесі мұнай, фармацевтика, фитнес-клубтар сияқты сан салалы. Қазақ футболында халықтық командаға айналған «Қайрат» клубы да Боранбаевтың меншігі.
Қайрат Боранбаевтың кәсіптегі тасы 2013 жылдан бастап өрге домалады десе болады. Дәл сол жылы қызы Әлима Боранбаева Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Назарбаевқа үйленген еді. Дариға НАЗАРБАЕВАМЕН құда болған Қайрат Боранбев «ҚазМұнайГаз» компаниясы мен ресейлік «Газпром» компаниясы бірлескен «ҚазРосГаз» кәсіпорнының басшысы болады. 2016 жылы Forbes Kazaknstan Назарбаевтар әулетінің құдасы Қазақстандағы ең дәулетті 50 кәсіпкердің қатарына еніп, 350 миллион доллар байлығымен тізімде 15 орынға жайғасады.