Weekend

Шілде айында ең күшті магниттік дауыл байқалады

Дәрігерлер сақ болуға шақырады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Соңғы он жылдағы ең күшті магниттік дауыл биыл шілде айында байқалады. Бұл табиғи құбылыс адамдардың денсаулығына әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты, дәрігерлері тұрғындарға барынша сақ болуды ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Магниттік дауыл кезінде адам әлсірейді. Әсіресе, қарт кісілердің денсаулығы сыр береді. Аяғы ауыр келіншектер мен балалар үшін де қаупті. Магниттік дауыл құбылысы кезінде күн қатты ысиды.

Бұл кезде адамдардың басы айналып, жүрегі айнып, тамаққа тәбеті болмай, ұйқысы келеді.

«Магниттік дауыл ең алдымен адамның орталық жүйке жүйесіне және жүрек-қан тамырларына салмақ түсіреді. Инфаркт, инсульт, гипертониялық күрт асқыну және т.б. ауруларды қоздырады. Бұл күндер созылмалы жүрек-қан тамырлар аурулары мен өкпе патологиясы бар адамдар үшін қиындық туғызады. Тіпті, метео жағдайда тәуелді емес адамдардың да жүрегі айнып, қалтырайды», - дейді Алматы қалалық № 7 клиникалық ауруханасының дәрігері Айдана Лепесова.

Сондай-ақ, магниттік дауыл адамдардың көңіл-күйіне де әсер етеді. Ештеңеге зауқы болмай, селқостық пен ұйқышылдық тудырады.

«Созылмалы ауруларға шалдыққан адамдар қажетті дәрілерін алдын ала алып қойғаны абзал. Тіпті, денсаулығы жақсы адамдардың өзі су ішу режимін сақтау қажет. Кофе мен сусындарды шөп шай немесе таза суға ауыстырғаны жөн. Спирттік ішімдіктен бас тартқан дұрыс», - дейді дәрігер.

Магниттік дауыл күндері жүрек-қан тамырлар жүйесіне салмақ түсірмеу үшін тамақты азырақ жеген дұрыс. Майлы, тұзды, ащы тағамдарды пайдаланбаған абзал.

«Магниттік дауыл кезінде көбірек ұйықтаған дұрыс. Ал, метеосоққы күні ашуланбауға тырысып, барлық шаруаны күннің бірінші жартысында атқарып тастаған абзал. Кардиосалмақ түсіруден бас тарту керек», - деп кеңес берді Айдана Лепесова.

Денсаулыққа салмақ салмау үшін таза ауада жиі серуендеп, жеңіл тағамдармен тамақтану керек.

Магниттік дауыл күнің қатты ысуынан пайда болып, ғарыш арқылы жерге түседі. Келесі магниттік дауыл шілденің 29 күні болуы мүмкін.

Алайда, ғалымдар жерде магниттік дауыл ай сайын өтетіндігін айтады.