Hi-Tech

Нур-Уарзазат

Әлемдегі ең ірі шоғырланған «күн фермасы»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


Марокко –  жаңартылатын энергия көздері саласында әлемдік көшбасшы болу жолында ғана тұрған ел емес. Formula ePrix ұйымдастырушысы болып келетін бұл елде әлемдегі ең ірі шоғырланған «күн фермасы» бар.

3000 гектардан астам алаңға салынған, көлеміне 3500 футбол алаңы сиятын Нур-Уарзазат кешені Прага сияқты немесе Марракештен екі есе болатын қаланы қамтамасыз ету үшін жеткілікті электр энергиясын өндіреді. Сахара шөліне кіре берісінде орналасқан кешен 580 мегаватты қамтамасыз етіп, 760 000 тоннадан астам көміртегі шығарындысынан ғаламшарды құтқарады.

Марокко әлемдегі ең ауқымды энергетикалық мақсаттарды көздейді. Мақсаты –  2020 жылға қарай энергетикалық қуаттылығының 42% жаңартылатын көздерге тиесілді ету. Ел өз мақсатына жету үшін дұрыс жолда және оның энергиясының 35% - ы Нур-Уарзазат сияқты жобалардың арқасында жаңартылады. Кешеннің Африкадағы ең биік 243 метрлік мұнарасындда тұз бар, ол энергия өндіру үшін балқытылады.

Энергияны тікелей желіге жеткізетін кәдімгі күн панельдеріне қарағанда, иілген айналар қоректендіру блогына берілетін сұйықтығы бар жылу түтіктерінде сәулелерді шоғырландырады. Құрылғы энергияны ұзаққа дейін сақтап, әсіресе, түнде сұраныс көп болған кезінде  пайдалану үшін тиімді. Зауыт құрылысын Таза технологиялар қоры ұсынған 216 миллион доллармен үйлестіре отырып, 400 миллион доллар несие есебінен қаржыландырған Дүниежүзілік банктің деректеріне сәйкес, тұзға толы цилиндр, күні бойы айналар жылуының әсерінен ериді және түнде де ыстық күйін сақтап, үш сағатқа дейін жұмыс істеу үшін жеткілікті келеді.

Нур-Уарзазат Мароккода Прага сияқты қаланың көлемін қоректендіру үшін жеткілікті электрді өндіреді. Дүниежүзілік Банктің деректері бойынша, импортталатын қазба отын түрлері қазіргі уақытта Марокконың энергияға қажеттілігінің 97% қамтамасыз етеді. Нәтижесінде ел әртараптандыруға және жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды бастауға ұмтылады.

«Марокко – экономикасы дамып келе жатқан ел. Электр энергиясына сұраныс 2010 жылдан бастап екі есе өсіп келе жатыр және 2030 жылға қарай біз Марокконың жаңартылатын энергия көздерінің үлесі қазбалы энергия үлесінен асып түсетін әлемдегі алғашқы елдердің біріне айналғанын қалаймыз», - дейді Масендегі аға менеджер Ясир Бадих CNN-ге  (https://edition.cnn.com) берген сұхбатында.