Саясат

Бақытжан Сағынтаев басты міндеттерді атады

Алматы әкімі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласы мәслихаты тұрақты комиссияларының алғашқы бірлескен отырысын өтті. 

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалықтардың табыс деңгейі мен өмір сүру сапасын арттыру үшін жүзеге асырылуға тиіс кезек күттірмейтін міндеттер мен бағыттар бойынша ой-пікірін ортаға салғанын айтады. 

"Басты міндеттер: лайықты жалақысы бар жұмыс орындарын ашу, бірінші кезекте қажет азық-түлік өнімдерінің бағасын негізсіз өсіруге жол бермеу. Ықпал ету тетіктерін жете анықтау үшін баға қою ісіне терең сараптама жүргізуді тапсырдым. Коммуналдық қызметтер тарифтері де қатаң бақылауда. Сонымен қатар, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті дамыту, экология мен денсаулық сақтау мәселелері басты назарда", - деп жазды қала басшысы Facebook желісінлегі парақшасында. 

Алматыны "Шетсіз қала" концепциясы бойынша дамыту негізгі тұжырымдама болып қала береді. Шет аймақта тұратындар орталықтың тұрғындары сияқты сапалы қызметтерді алуға тиіс.

tengrinews.kz