Саясат
Өз үйінде атылған
Тегеран қаласының экс-әкімі әрі Иран президентінің экономика бойынша көмекшісі Мохаммад Али Наджафи өз әйелін атып өлтіргенін мойындаған.
Аталмыш оқиға Иран елінің бас қаласы Тегеранда болған. Қазір оқиғаға байланысты қылмыстық іс ашылып, зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұған дейін ISNA агенттігі 28 мамырда Тегеранның солтүстік аймағында белгісіз шабуылдаушылар экс-әкімнің жұбайын өлтірген деп хабарлаған еді.
Газеттің хабарына қарағанда, Митра Наджафи Иранның саяси элитасының көптеген өкілдерінің өмір сүрген астананың Саадат-Абад ауданында орналасқан өз үйінде атылған.