Weekend

18 шілде кинопремьералары

Бұл аптаның басты премьерасы - Disney студиясының "Арыстан патшасы". Дегенмен басқа да қызықты фильмдер жарық көрді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Арыстан патша» Король Лев» / «The Lion King») [6+]: Disney студиясының 1994 жылғы әйгілі мультфильмінің ремейкі. Бұл жолы кейіпкер-жануарлар шынайы кейіпке еніп, көркем кино форматына жақындатылып отыр.

Оқиға Африка саваннасында өрбиді және Симба есімді жас арыстан туралы баяндалады. Оның әкесі - патша Муфасаға қастандық жасалып, қайтыс болады. Қорғансыз қалған Симба қуғынға ұшырайды. Өз үйіріне оралу үшін ол талай сынақтан өтіп, есеюі керек.

«Мидсоммар» («Солнцестояние» / «Midsommar») [18+]: былтыр «Реинкарнация» хоррорын ұсынған режиссер Ари Астердің жаңа жұмысы. Бұл да мистика элементтері бар триллер.

Фильм Швецияда өтетін культ мейрамына арналады. Швецияда өтетін жазғы күн тоқырауына арналған мейрамды көруге барған жас жұп туралы баяндалады. Осы фестиваль кезінде олар тылсым оқиғалардың ортасына тап болады.

«Код Гиас: Тірілген Лелуш» («Код Гиас: Лелуш Воскресший» / «Code Geass: Fukkatsu no Lelouch») [16+]: 2006-2008 жылдары шыққан «Code Geass» сериалының толықметражды жалғасы.

Жапон анимесінде әлемді жаулап алған Британ Империясы туралы айтылады. Лелуш есімді ұлы революцияшы империяны құлатуды мақсат еткен. Оған Гиас деп аталатын сиқырлы қасиет дарыған. Осы арқылы өзге адамдарды өзіне бағындыра алады. Лелуш өз мақсатына жетіп қаза табады. Алайда оның оқиғасы бұнымен бітпейді.

«Жемқор» («Коррупционер» / «The Corrupted») [18+]: Сэм Клафлиннің қатысуымен жасалған британ триллері.

2012 жыл. Лондондағы Олимпиада ойындары қарсаңында Лиам есімді жігіт түрмеден шығады. Ол отбасы мен жақындарының сенімін ақтағысы келеді. Кезінде Каллен деген қылмыс синдикатының басшысының кесірінен қамалды. Енді күнәсін ақтау үшін басқа қылмыстық айлаға ұрынады. Қайтадан қателік жібермеу өзінің ғана қолында.

Сонымен қатар прокатқа «Мышеловка» / «4x4» деген Аргентина драмасы мен «Обитель тьмы» / «Heilstätten» атты неміс хорроры шықты.