Hi-Tech

FaceApp тек «қартайтып» жатқан жоқ: Не үшін сақтану керек?

Біле жүріңіз!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2019 жылдың шілдесінде әлемдік трендтке айналған FaceApp бағдарламасы әлеуметтік желі қолданушылар арасында қызу талқыға түсті. Анығында, қолданушылар өздерінің «қартайған» бейнесін қызықтап, түрлі топтарда бөлісе бастады. 

FaceApp кеше пайда болған жоқ

Бұл бағдарлама осыдан екі жыл бұрын, яғни 2017 жылы жарыққа шығып, сол кездің өзінде әлемге танымал болған. Алайда, көп ұзамай бағдарлама қара нәсілді адамдарға кері әсерін тигізіп, ұлттық деңгейде проблема туындап, ұмыт болған.

Бағдарлама WireLess компаниясына тиесілі. Ал бұл компанияның иесі Ярослав Гончаров.

Неден қауіптену керек?

Жалпы қауіп бағдарламаның ережесінде емес. Бұл бағдарламаны жасаушы ел–Ресей. Заңды адресі – Wireless Lab, бұл ресейлік компания. Бұл дегеніміз, бағдарлама Ресейдің ішкі заңдарына бағына отырып жұмыс жасайды. Мұндай жағдайда РФ арнайы агенттері Wireless Lab-та сақталған құжаттарға, ақпараттарға қол жеткізе алады.

Сондықтан, ең дұрысы бағдарламаны пайдалануға құмартып бара жатсаңыз да тіркелудің қажеті жоқ.