Саясат

Алматыда қоймадан өрт шықты

Оқиға орнында өртсөндірушілер жұмыс істеп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыдағы Жетісу ауданында орналасқан қоймадан өрт шықты. 

Портал оқырмандарының мәліметінше, қазіргі уақытта "Саяхат" маңы түтінге батып, ыс шығып тұр. Оқиға орнында өртсөндірушілер жұмыс істеп жатыр.

"2019 жылдың 18 шілдесінде сағат 07:45-те Алматы қалалық ТЖД-дің "101" пультіне Жетісай ауданы, Омаров көшесі, 12в/1 мекен-жайындағы қойма өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Өртсөндірушілер қазір оқиға орнында. Өртті алауыздықтауға өрт сөндіру қызметінің 15 техникасы мен жеке құрамның 43 адамы жұмылдырылды", - деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі. 

Құтқарушылар толығырақ ақпаратты кейінірек айтуға уәде берді.  Бұған дейін 18 шілдеге қараған түні Алматыда үш жекеменшік үй мен шаруа құрылысы өртенгені хабарланған еді. Өрт Жетісу ауданындағы Потанин көшесінде болған.

tengrinews.kz