Саясат

Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылына дейінгі басты міндетті атады

Қазір білім және ғылым министрлігі "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасын әзірлеп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасын депутаттардың қарауына енгізу мерзімін нақтылады.

"Қазір біз "Педагог мәртебесі туралы" заңды дайындап жатырмыз. Оны өздеріңіз білесіздер, министрлік бұл заңды бір жыл бойы жан-жақты талқылады, сондықтан қыркүйекке дейін біз бұл заң жобасын мәжіліске кіргізуіміз керек. Сол себепті нақты шешімдер болғаннан кейін барлығын білетін боласыздар", - деді Аймағамбетов Sputnik Қазақстан тілшісі берген сұхбатында.

Айта кетесек, президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың мәртебесіне қатысты заңды жылдың соңына дейін қабылдауды тапсырды.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы мұғалімдер осы заңның игілігін, пайдасын сезінуі тиіс екенін атап өтті. Сонымен бірге президенттің айтуынша, ұстаздар білім саласымен қатар ғылым саласына да тиісті көңіл бөлуі керек.

sputniknews.kz