Саясат
Қаланың билік өкілдері "Восход" бау-бақша қоғамын электр желісінен ажырату себебін анықтамақ
YK-news порталы хабарлағандай, жарық сөніп қалған соң тұрғындар аптап ыстықта сусыз отыр. Наразы халық көшеге шығып, жолды жауып, көліктерді жүргізбей қойыпты.
Оқиға орнына Өскемен әкімі Жақсылық Омар аттанады. Ол барғаннан кейін тұрғындарға бірден жарық берген.
Қала әкімі қарыздардың себебін анықтау мақсатында жұмыс тобын құруды тапсырды.