Саясат
Кәсіпкердің ұлы жол талғамайтын көлігімен қызды қағып өлтірген
Қызылордада атышулы іске нүкте қойылды. Оқушы қызды көлігімен қағып, мерт қылған жасөспірім жазадан сытылып кетті, бірақ оның орнына анасы түрмеге тоғытылады.
Қаңтар айынан бастап, тергеушілер бұл істің ақ-қарасын жітті тергеген. Құзырлы органдар жеті ай ішінде бұл қылмыстық істі жауып, қайта ашып та үлгерген. Бүгінгі сот алдына 21 жасар Саида Абдулланы қағып кеткен жасөспірімнің анасы келді. Өйткені көлік осы кісіге тиесілі екендігі белгілі. Ал баласы шешесінің рұқсатынсыз оның көлігін тізгіндеп, ақыры қайғылы оқиғамен аяқталған.
- Ол қызымды қақты, сүйрелеп жүрген оны. Егер ол оны машинаға салмай жедел жәрдем көлігін күткенде бәрі басқаша болар ма еді, - дейді қайтыс болған қыздың анасы Нартай Абдуллаева.
Жасөспірімның өзі сотқа қатысқан жоқ. Сот анасына көлік жүргізу куәлігі жоқ адамды көлігіне отырғызғаны үшін жаза кесіп, оны 1,5 жыл бас бостандығынан айырды. Оның үстіне әйелге алдағы екі жылда көлік жүргізуіне тыйым салды. Сондай-ақ сот зардап шегуші тарапқа 1 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуді үкім етті.
Айта кетсек, қайғылы оқиға өткен жылдың желтоқсан айында болған. Жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан Саида Абдуллаеваны қызылордалық кәсіпкердің ұлы жол талғамайтын көлігімен соққан. 14 жастағы оқушы қыз ауыр халде ауруханаға түскен, бірнеше күннен кейін ол сол арада көз жұмды.