Weekend

Әншілерге фонограммамен ән айтуға шектеу қойылмақ - Мәдениет министрі мәлімдеме жасады

Жаңа заң қолданысқа енгізілуі мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мәдениет министрі Димаштың ізімен халықаралық байқауларда жүлде алып жүрген жастарымыз жанды дауыста ән салу мәселесінің өзектілігін көрсетіп отырғанын айтады.

Қазақстанда әншілердің фонограмамен ән салуына шектеу қоятын заң жуық арада қолданысқа енгізілуі мүмкін. Витебскіден жеңіспен оралған Әділхан Макинді қабылдаған ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова "Мәдениет туралы" заңға осындай өзгерістер енгізіп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды 31 телеарна.

Бұл ұсынысты қоғамда бірқатар өнер жанашары көтеріп, ол көптің қолдауына ие болған еді. Дегенмен ол заңда көрініс табады делінгенімен, әлі нақты шешім қабылданбай келеді.

Мәдениет министрі Димаштың ізімен халықаралық байқауларда жүлде алып жүрген жастарымыз жанды дауыста ән салу мәселесінің өзектілігін көрсетіп отырғанын айтады.

- Министрліктің ұстанымы - өнер таза болуы керек. Эстрадада әншілер жанды дауыспен ән салуы тиіс, - деді өз сөзінде министр Ақтоты Райымқұлова.