Саясат

Тоқаев Дүниежүзілік банктің вице-президентімен кездесті

Кездесу барысында біраз мәселе талқыланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дүниежүзілік банк тікелей шетелдік инвестициялар тарту бойынша Қазақстанды Орталық Азиядағы көшбасшы ретінде мойындайды.

Кездесу барысында Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы алдағы жылдарға арналған жоспарлары талқыланды.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Сирил Мюллер Қасым-Жомарт Тоқаевқа әртүрлі сектордағы ынтымақтастықтың қорытындылары, соның ішінде, ауыл шаруашылығы, жаңа технология және жасанды интеллект салаларындағы бірлескен жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берді.

Сонымен қатар, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет салаларындағы өзара ықпалдастық мәселелері қарастырылды.

Дүниежүзілік банк тікелей шетелдік инвестициялар тарту бойынша Қазақстанды Орталық Азиядағы көшбасшы ретінде мойындайды және осы бағытта елімізге одан әрі жан-жақты қолдау көрсетуге, сондай-ақ, өңірлік кооперацияның дамуына септігін тигізуге ниетті.