Weekend
Сәбидің бір айға толуына орай бас қосуда орны толмас қайғылы оқиға болды
Отбасының туған-туыстары мен достары сәбидің бір айға толуын атап өту үшін бас қосқан екен. Нәрестенің атасы тілек айтқаннан кейін қонақтардың бірі: "Немерең ішпесе, қалай ішесің?" – деп қалжыңдайды.
Сол кезде ер адам сәбиге өз бокалынан ішімдік ішкізген. Анасы жетіп барып, бөбекті қолына алады. Арада жарты сағат өткенде сәбидің тынысы тарылып, дем алмай қалыпты.
Баланы шұғыл ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер өміріне араша түсе алмады. Сәби өлімі туралы қорытындыда нәрестенің ішімдіктен улану салдарынан шетінегені жазылған