Weekend

Көрерменнің махаббаты мен ықыласынан айырылған танымал актерлер

"Оскар" сыйлығына ие болған актерлер абыройынан қалай айырылды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Аль Пачино, Роберт Де Ниро, Джон Траволта бір кездері әлемге танымал, жұрттың ыстық ықыласына бөленген, көпшіліктің сүйікті актері болды. Өкінішке орай, бұл жандарға деген халықтың ерекше құрметі ұзаққа созылмады. Танымал болғанымен, көрерменнің махаббаты өшті. Абыройға ие болу да және одан айырылып қалу да бір сәтте-ақ. Миллиондаған жанкүйерінен айырылған актерлерге жеке тоқталып өтсек...

Аль Пачино

"Кіндік әке"(Крестный отец), «Собачий полдень» киносындағы ролі Аль Пачиноны ең танымал актер етті. Дегенмен, соңғы он жылдықта оның мансаптық өсуі төмендеді. Халықтың ықыласы да жоғалды. Ол комедия жанрында ең нашар саналатын "Джильи" фильмінде ғана емес, сонымен қатар Адам Сэндлераның «Джек және Джилл» атты комедиясында басты рольді ойнап шықты. Бұл фильмдерден кейін ол «ең нашар ер ролі» номинациясына ие болды.

Роберт Де Ниро

Роберт Де Нироның мансаптық өсуі 2000 жылы жарық көрген "Рокки және Буллвинкля оқиғалары (Приключения Роки и Буллвинкля)" және "Ата-анамен танысу (Знакомство с родителями)" атты фильмдерден кейін төмендеді.  Өкінішке орай, бұл фильмдер оған табыс әкелмеді, керісінше оның мансаптық өсуін тоқтатты.

Николас Кейдж

Иә, кезінде ол да көпшіліктің сүйікті актері болды. Кино мансабын 1980 жылдары бастаған. Алғашқы фильмдерінің бірі – «Жақсы күндер (Лучшие времена)». Оның түскен фильмдерінің көбісі көпшілікке кеңінен танымал болған. Бірақ «Призрачный гонщик», «Плетеный человек» және «Сноуден» фильміндегі ролі Николас Кейджді абыройынан айырды. Тіпті, оны «ең үздік актер»  ретінде марапатталды деп айту қиынға соғады.

Джонни Депп

Бүгінгі күні Джонни Депп, біздің заманымыздың ең талантты актерлерінің бірі болды. Ол Үздік актер санатында "Алтын глобус" және «Америкакиноактерларының гильдиясы» марапаттарын жеңіп алған. Депп 1980 жылдардағы «Джамп стрит,21» телевизиялық топтамасында атақты бола бастады және жасөспірімдер арасындағы жұлдызға айналды. Фильмдерге бет бұрғаннан кейін ол «Эдвард қайшықолдар» (1990) фильміндегі бас кейіпкер ретінде әйгілі болды, ал кейінірек ол «Ұйқылы алқап»(1999), «Чарли және шоколад фабрикасы»(2005), «Кариб теңізінің қарақшылары фильмдер сериясында» (2003-тен бері қарай) және "Ранго" сияқты фильмдерде кассалық жинақ табысына жетті. Даңқ "Мордекай" және "Артықшылық" фильмдерінен ең нашар актер атанып, "Алтын таңқурай" сыйлығына үш рет ие болды. Екі туындыда да кинокритиктердің теріс пікіріне ие болды.

Том Круз

Том Круз актерлік мансабын 1981 жылы «Шексіз махаббат» фильмінде кішігірім рөлден бастайды. «Тәуекел бизнес» (1983) блокбастер арқасында көпшілікке танымал болады. 30-дан аса киноға түскен. Дегенмен Неке және Кэти Холмс-мен ажырасу, Мэтт Лауэрмен эфирдегі "ұрыс" оның мансаптық өсуіне кедергі болды. 2018 жылы «Алтын таңқурай» және ең нашар актер ("Мумия "фильмі) болды.

Джон Траволта

«Лихорадка субботнего вечера», «Бриолин» және «Қойыртпақ шығармасы» фильмдеріндегі басты рольді сомдап танымал болған. Аль Пачино мен Де Ниро сияқты Джон Траволтада 1970-ші жылы иеленген дардай атағынан және жанкүйерлерінің махаббатынан айырылды.

Рассел Кроу

Рассел 1980 жылдары «Russ Le Roc» музыкалық ұжымның мүшесі болады. Кейінірек өзінің жаңа рок тобын құрған. 2005 жылы топ мүшелері тарап кеткеннен кейін өзінің жеке мансабын бастайды. 1992 жылы экранға шыққан «Бритоголовые» фильміндегі ролі үшін Рассел Ұлттық Кино сыйлығымен марапатталады. Осыдан кейін оған голливуд режиссерлерінен ұсыныстар түсіп, ол бірқатар танымал киноларға түсе бастайды. 2000 жылғы «Гладиатор» тарихи фильмі үшін «Оскар» сыйлығына ие болады. Бірақ «Секса в большом городе» фильмі оны халықтың махаббатынан айырды. Бұл фильмде Рассел тарапынан оғаш қылық байқалмаса да, соңғы бірнеше жылда көпшілік Рассел Кроуды кезінде қаншалықты жақсы ойнағанын еске түсірумен ғана болды.

Джим Керри

Джим Керри ұлы комедия актерлерінің бірі болды. «Однажды укушенный» фильмінде ең алғаш рет басты рөлді сомдаған. АҚШ-тағы жалақысы жоғары актерлердің бірі болған. Көпшілікке «Маска», «Эйс Вентура: Розыск домашних животных», «Шоу Трумана» фильмдерімен танылған. Содан бері актердің мансабы «Маджестик» және «Число 23» (ең нашар актер номинациясы) фильмдерімен жалғасты. Дегенмен бұл фильмдер актердің жолын жапты. Себебі көрерменнің актерге деген көзқарасы өзгерген.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61