Саясат
Қауіпсіздік
Қазақстан полициясы әлемдегі ең сенімді полицияның қатарына кірмей қалған. Дүниежүзілік экономикалық форумның жүргізген зерттеуі бойынша 87 орынға жайғасқан. Бұл туралы Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Жас Алаш басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қауіпсіздік – инвесторлардың мемлекетке келуін қамтамасыз ететін факторлардың бірі. Қылмыс ашылмайтын, полициясы дұрыс қызметін атқармайтын мемлекетке инвестиция құйылмайды.
Дүниежүзілік экономикалық форум жыл сайынғы The Global Competitiveness Report атты есебіне әлемдегі полиция қызметін зерттеп қосады.
Полиция жұмысы ел экономикасына тікелей әсер ететін болғандықтан бұл сала жеке зерттеледі екен. Сонымен әлемдегі ең сенімді полиция тізімі жасалды.
2018 жылы жүргізілген зерттеуден аңғарғанымыз полициясына халқы сенетін елдер демократиясы дамыған. 137 елдің ішінде Қазақстан 87 орында ғана екен. Бірінші орында Финляндия, екінші және үшін орынды Швейцария мен Сингапур бөліскен. Африкалық Марокко, Египет, Гана сынды елдер бізден жоғары орналасқан.