Саясат
Соңғы деректер бойынша 24 адам қаза тапқан
Жапонияның Киото қаласында белгісіз біреу Kyoto Animation Co аниме-студиясын өртеп жіберді. Соңғы мәліметтер бойынша, өрт салдарынан 24 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды.
Жергілікті БАҚ полицияға сілтеме жасап хабарлағандай, бейсенбі күні таңертең студияға ер адам басып кіріп, өртеп жіберген.
Өрт үш қабатты Kyoto Animation Co ғимаратында жергілікті уақыт бойынша, сағат 10:30-да басталған. Оқиға орнында құтқару жұмыстары әлі күнге дейін жалғасуда. 30-ға жуық адам із-түзсіз жоғалып кетті.
Өртеген күдікті ер адам қолға түсті. Өрт салдарынан алған жарақаттары салдарынан, оны ауруханаға жеткізді. Ол студияның қызметкері ме, жоқ па, әзірге белгісіз.