Weekend

Америкада танымал баспа Абайдың кітабын жарыққа шығарады

Алдағы жылы Абайдың 175 жылдығы атап өтілмек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Америкада танымал баспа Абайдың кітабын жарыққа шығарады. Бұл туралы жазушы Роллан Сейсенбаев айтты.

«Алдағы жылы Абай бабамыздың 175 жылдығын атап өтілмек. Бұл үлкен той, яғни ол біздің мәдениетіміздің, қазақ тілінің тойы. Абай кітаптары бүгінде көптеген шет тілдерге аударылды. Келесі жылы әлем классиктерің қатарында АҚШ-та ұлы ақының кітабын жарыққа шығарамыз», - деді Р. Сейсенбаев 2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысының алдында.

Оның сөзіне қарағанда, америкалық баспа ағылшын тіліне аударылған кітаптың шығуын өзі қаржыландырады

«Әлем Абайды оқып келеді. Ұлы ойшылды бүкіл әлемге таныстыру үшін тиісті жұмыстарды жүргізу керек, яғни Абай мектебін барша әлемге шығарған маңызды. 1995 жылы Лондонда «Абай үйін» ашқан едім. Осындай үлкен идеяларға Үкімет бастамашылық етуі керек. Бүкіл әлемде Абай мектебі жұмыс істеген жағдайда, қазақтарды барша әлем білетін болады», - деді Р. Сейсенбаев

Айта кетейік, бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен 2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтті.

Жиын барысында халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейдегі 500-ге жуық түрлі шара қамтылған Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына дайындалу мен өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспардың жобасы қаралды.